2021 жылдың 28 сәуірінде "ШҚО спорттағы дарынды балаларға арналған олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" КММ базасында Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығымен бірлесіп «Мамандандырылған спорт мектебі жағдайында оқу үдерісін жетілдіру құралы ретінде сабақты зерттеу" тақырыбында онлайн-режимде республикалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты — мамандандырылған мектеп жағдайында білім сапасын арттыруға бағытталған Lesson Study тәсілін енгізу тиімділігінің және оқушы-спортшылардың жетістік деңгейінің өзара тәуелділігін анықтау.
Семинар барысында мектеп педагогтары Республикалық деңгейде Қазақстанның барлық облыстарындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттар арасында өздерінің жұмыс тәжірибесін жинақтады.