🔹20 наурыз — елімізде “Ұлттық ойындар күні” ретінде атап өтілетін күн. Бұл Наурыз мейрамы аясындағы ерекше күндердің бірі болып саналады.
Бұл күні қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындары кеңінен насихатталып, көпшілікке арналған жарыстар ұйымдастырылады. Асық ату, тоғызқұмалақ, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, бәйге, арқан тартыс және басқа да ойындар қазақ халқының мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігі болып табылады.
Ұлттық ойындарымызды дәріптеу арқылы жастарға өз мәдениетімізді танытып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырудың маңызы зор.