🔹 20.12.2024 жылы мектеп-интернатымызда тәрбиешілеріміздің ұйымдастыруымен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында”Төрлет,Жаңа жыл”атты мерекелік іс-шара өтті.
Мақсаты:”Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын,әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылықтарын арттыру”.
Оқушыларымыздың өнерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру мақсатында мерекелік көңіл күй сыйлау үшін 80-90 жылдардағы стиль түрінде өткізілді.Балаларымыз әннен шашу шашып,әр-түрлі би билеп ,өз өнерлерін ортаға салды.Аяз ата мен Ақшақар балаларға жаңа жылдық тәтті сыйлықтарын таратты.
Шара соңында мектеп-интернат-колледж директоры Ә.Б.Әбдіғалиев пен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қ.Кузембаев жаңа жылдық кешке жиналған қонақтарға жылы лебіздерін білдіріп,карнавалдық костюм иелерін марапаттады.
Ерекше костюммен көзге түскен қызметкерлерге :
1-орын 30 мың
2-орын 20 мың
3-орын 10 мың
Оқушыларға:
1-орын 15 мың
2-орын 10 мың
3-орын 5мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар және 10 жұбату сыйлықтарын табыстады.
Шара соңы би кешіне ұласты.Мерекелік іс-шара барлықтарының көңілінен шықты.
@adil_abdygaliev
@askar_kuzembayev
@nursultanova.nurgul
@mukushevaainura
@almasbulekpaev