Перейти к содержимому

19- НАУРЫЗ «ЖАҢАРУ КҮНІ» Бүгін 2025 жылдың 19 наурыз күні…

  • автор:

19- НАУРЫЗ «ЖАҢАРУ КҮНІ»

Бүгін 2025 жылдың 19 наурыз күні наурызнама жоспарының жаңару күніне орай Білім инновациялық лицейі кешенінде «Табиғи ортаның экологиялық жағдайы және адам» тақырыбынба экологиялық іс-шара болып өтті. Аталған шараға Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Нысанбаев Ерлан Нұралиұлы және ҚР Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы қатысып оқушылардың экологиялық жоба жұмыстарымен танысты. Аталған шараға Астана қаласы мектептерінен үздік деп танылған 10 жоба жұмысы көпшілікке таныстырылды. Таныстырылған жұмыстар ішінде мектебіміздің ECO patrol тобының белсенді оқушылары, «PRO ECO» экологиялық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары Ермекұлы Нұрбақыт пен Шаяхмет Айзат қатысып өз жобаларын сәтті қорғады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралиұлы және Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы қатысушы оқушыларға өз ризашылықтарын білдіп, қоршаған ортамызды қорғау, оны аялап, құрметтеудің маңызы зор екенін айтып өтті. Қорғау жұмысына қатысқан оқушыларымыздан «Егемен Қазақстан», «Жасыл даму», 24 кz БАҚ өкілдері сұхбат жүргізіп, жобалық жұмыстарына қызығушылық танытты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *