18-20 сәуір аралығында
Жамбыл облысы, Шу қаласында
Мұрат Бисеитовты еске алуға арналған үстел теннисінен VIII ашық республикалық турнирі өтті.
Бұл жарысқа Қырғызстан мен Қазақстанның түрлі қалаларынан келген жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысты.
Мектебіміздің спортшысы Байтикенова Еркежан 2010-2011 ж.т. қыздар арасында қола жүлдегер атанды!
Қатысушылар келесі жас санаттарында сынға түсті:
2010-2011 ж.т. және одан кіші
2012-2013 ж.т. және одан кіші
2014 ж.т. және одан кіші
Жаттықтырушысы: Сотник Кирилл
Еркежанды және оның бапкерін құттықтаймыз! Алда биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!