🔹16.05.2025 ж. мектебімізде ШҚО, Астана қаласы («Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ), Алматы қаласы («Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ, Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ), Қызылорда облысы (Қызылорда облысының ДШ, С және ТБ «Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ) мұғалімдерінің арасында республикалық семинар ұйымдастырылып өткізілді. Аталған шараны ШҚО білім басқармасының «Örken» ШҚ өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ педагогикалық тәжірибені, баспа қызметін жалпылау және таратудың әдістемелік бөлімінің басшысы А.Т. Кенжебаева ашып, семинардың мақсаты мен өзектілігіне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Аталған семинарға 23 пән мұғалімі қатысты. Авторлық бағдарламаларымен бөліскен әріптестеріміз Нурсултанова Нургуль Маратовнаға, Джурбаева Анар Толеухановнаға, Абилмажинова Лайла Казезбековнаға, Токтасынова Гульназ Турсынбековнаға, Оспангалиева Гульнар Алимхановнаға, Максимова Елена Михайловнаға, Ермоленко Елена Владимировнаға, Мамырбекова Назым Зейнолдановнаға, Оразбаева Анар Алпысбаевнаға жұмыстарына табыс тілейміз!