15 наурыз — Шежіре күні. Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті ата тарихы айтылып, шежіресі таратылады. "Жеті атасын білу" заң болған. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасын дейінгі балаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, өнегелі істері жайында әңгіме еткен.