🔹12.01.2025 ж.тәрбие жоспарына сай “Көңілді старт” атты эстафеталық жарыс өтті.
Іс-шараға екі команда қатысты: жігерлі ұлдар «Жалын» командасы және қайсар қыздар «Қыран» командасы. Балалар ойынға үлкен құлшыныспен қатысып, өз шеберліктері мен ұйымшылдығын көрсете білді.
Бұл шара тек жарыс қана емес, достық пен ауызбіршіліктің, әділдік пен өзара құрметтің жарқын көрінісі болды. Балалар жеңіске ұмтыла отырып, қарсыластарының табысына қуанып, бір-біріне қолдау көрсетті. Мұндай шаралар жас ұрпақтың жан-жақты дамуына үлкен үлес қосады деп сенеміз.
Қатысқан балаларға тәтті дәмдер тарту етілді.
Жауапты тәрбиешілер: Дукешова К.С, Толыбаева А.Р, Калдыбаева М.Ф, Кемешева М.М