🔹10.02.2025ж Мектебімізде іс-тәжірибеден өтіп жатқан Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің “Сауықтыру дене шынықтыру” білім беру бағдарламасының білім алушылары, балалардың қауіпсіздігінің алдына алу мақсатында “БУЛЛИНГТЕН ҚОРҒАН!” атты тақырыпта 8 “БҚ” сынып оқушыларына сынып сағатын өткізді. Сабақ соңында жасалған кері байланыстан оқушыларға өтілген тақырыптың түсінікті де, қызықты болғаны байқалды.
Жетекші: Калабаев Дидар Маратович.