06.01.2026 күні “Orken” Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және ғылыми-әдістемелік орталығы “Авторлық бағдарлама-
мұғалімнің зияткерлік еңбегі мен зерттеу жұмысының нәтижесі” тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Семинар мақсаты-авторлық бағдарламаны әзірлеуге қойылатын негізгі талаптармен таныстыру, облыстық және республикалық “Үздік авторлық бағдарлама” байқауының жеңімпаздарының іс-тәжірибесін қорытындылау және тарату.
Іс-шараға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, ұстаздары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинарда мектебіміздің ұстаздары республикалық конкурстың жеңімпазы биология пәні мұғалімі Мамырбекова Н. З “Авторлық бағдарлама-
мұғалімнің зерттеу жұмысының нәтижесі” тақырыбында, тарих пәні мұғалімі мектебіміздің алғашқы педагог шебері Г.А. Оспанғалиева “Авторлық бағдарлама-шығармашыл мұғалімнің кәсіби өнімі” тақырыбында шеберлік- сынып көрсетіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.




